Екі ел арасындағы шекараның жалпы ұзындығы – 970-980 шақырым
Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекарасының тағы 14 шақырымы келісілді. Economist.kg порталының хабарлауынша, бұл шешім 12-18 қазанда Тәжікстанның Бустон қаласында екі елдің шекараны бекіту комиссиясының жұмысы кезінде қабылданған.
Бұл кездесуде қос тарап шекараның жалпы 43,32 шақырымына келісім бергенін хабарлады.
Екі ел арасындағы шекараның жалпы ұзындығы – 970-980 шақырым. Шекараны бекіту жұмысы 2002 жылы басталып, 2020 жылға дейін 519 шақырымы бойынша толық келісімге келген.
Былтыр екі елдің мемлекет басшылары 664 шақырым бойынша келісімге келуге болатынын мәлімдеген.