Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды
Сарықұрлық додасы Астанада 21 қазан мен 4 қараша аралығында болады
21 қазан мен 4 қараша аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты болады. Бұл додада шаршы алаңға 2005-2006 жылдары (жастар) және 2007-2008 жылдары (жасөспірімдер) туған боксшылар шығады.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, жаттықтырушылар құрамы Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атады.
Қыздар құрамасында мына боксшылар жарысқа қатысады:
- 46 кг: Айым Танкибаева;
- 48 кг: Сила Бейболсынқызы;
- 50 кг: Регина Тибенева;
- 52 кг: Айша Сариева;
- 54 кг: Аяжан Сыдық;
- 57 кг: Аяжан Ермек;
- 60 кг: Толғанай Қасымхан;
- 63 кг: Алина Құдайгенова;
- 66 кг: Айсұлу Мұхит;
- 70 кг: Ақбота Есімбекова;
- 75 кг: Аружан Зейноллаева;
- 80 кг: Құралай Егінбайқызы;
- +80 кг: Панар Сейтқанқызы.
Азия чемпионаты Тұран даңғылы, 4/2 мекенжайында орналасқан Beeline arena спорт кешенінде болады.