Павлодар облысы әкімдігінің бөлім басшысы жауапқа тартылды

Динара Амантай

Прокурорлар 11 мемлекеттік сатып алуды заңсыз деп таныды

Фото: Halyq Uni

Павлодар облысы әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімінің басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен жеткізушілерді таңдау фактілері анықталған.

«Еңбек-Өскемен» РМК филиалымен және «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңге болған. Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізді. Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы («Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.