×

Ақтауда үш жігіт теңізге батып кетті

Жігіттердің бірі өлерінен бір күн бұрын үйленген

 Динара Амантай 17.05.2022 | 10:24
Фото: mangystau_tjd

Қайғылы оқиға Ақтау қаласы  4а шағын ауданының маңында болған. Теңізге батқан жігіттердің бірі  екі күн бұрын ғана үйленгені белгілі болды. Қалған екі қарағандылық жігіт суға батып кеткен ақтаулық жігіттің тойына келген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді.

Анықталғандай, екі жігіт шомылмақшы болған, тағы екеуі суға оларды құтқару үшін түскен. Жолдастарын құтқару үшін суға секіргендердің бірін оқиға куәгерлері алып шыққан. Ол Бейнеу қаласының 26 ​​жастағы тұрғыны болып шықты.

Оқиға болған кезде ТЖД күшімен Каспий теңізінің түбіне 3 метр тереңдікке және жағадан 1.5-2 метр тереңдікке сүңгу жүргізілді. ТЖД күшімен сағ. 19-58 1999 жылы туған Қарағанды қаласының тұрғыны мәйіті, сағ. 21-36 1999 жылы туған Қарағанды қаласының тұрғыны мәйіті шығарылды, сағ. 22-07 1999 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны мәйіті шығарылды, – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ оқиға орнында ТЖД психологиялық қызмет тобы қаза болғандардың жақындарына психологиялық көмек көрсеткен.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескертпелер түскен кезде теңізге жүзу құралдарымен шығуға және шомылуға тиым салынатыны ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20