Halyq Uni логотип
×

Мәдениет үйіне «бомба қойған» жасөспірім ұсталды

Ол мұндай іске әзіл үшін барғанын мойындады

 Динара Амантай 18.10.2023 | 17:56
Мәдениет үйіне «бомба қойған» жасөспірім ұсталды
Фото: Halyq Uni

Саран қаласы маңындағы елді мекеннің мәдениет үйінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 22:00 шамасында Саран қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, қалаға қарасты елді мекеннің мәдениет үйіне жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жіберілді. Ғимаратты және оған тиесілі аумақты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Қарағанды облыстық ПД экстремизмге қарсы күрес және Саран қалалық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол мұндай іске әзіл үшін барғанын мойындады, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама