×

Шымкент тұрғындарының дуадан басы айналып жатыр

Алаяқтар адамдарды алдап, 4,5 миллион теңгеге бағаланған заттарын алып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2022 | 10:11
Көрнекі фото

Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі екі азаматтың үйлерін дуадан тазартамын деп алаяқтардың құрбаны болғаны туралы мәлімет таратты.

«Екі жағдайда да алаяқ қайыр сұрап тұрғындардың үйлеріне барған. Ол есікті ашқан бойда бұл үйде тылсым күштердің бары екенін, олар  оған сыбырлап жатқанын, тез арада оны тазартпаса қайғы-қасіреттің болатынын айтып қорқытқан. Әйел келісім берген адамдардың алтын, күміс секілді бағалы заттарын алып, дуадан тазартатынын айтқан. Содан зергерлік заттарды қолына ұстаған соң, үйді айнала жүріп, біраз уақыттан соң ізін суытқан», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Алтын мен күмісті, басқа да зергерлік заттарды есептегенде шығынның жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеге жеткен.

Жәбірленушілер полицияға хабарласқан соң, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.

«Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын тексергеннен кейін күдіктінің таксиге отырғанын анықтады. Жедел қызметкерлер көліктің нөмірі бойынша такси жүргізушісін анықтады. Ол әйелді үйіне апарып тастағанын айтты. Тәртіп сақшылары жалған көріпкелді тұрғылықты жері бойынша ұстады», — деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Қазір «Алаяқтық» бабы бойынша соталды тергеу болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама