СҚО-да аудан әкімдіктері 54 мың гектар жайылымдық жерді заңсыз берген

Динара Амантай

Прокуратура 300-ге жуық жерді мемлекетке қайтарды

Фото: Halyq Uni

СҚО прокурорлары жер қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде елді мекендерге жақын жайылымдарды заңсыз беру бөлігінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 54 мың гектар ауылдарға жақын жерде 348 жайылымдық жерді заңсыз берген. Қадағалау органының шаралары бойынша облыс әкімдігі мен облыстың жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қою арқылы ауданы 38 мың гектар 247 жер учаскесін қайтаруды қамтамасыз етіп, қалған учаскелер бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Қадағалау органының ұсынымдары бойынша жайылым тапшылығын жою мақсатында әкімдіктер елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтты. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған меморандумдар жасалды.

Нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тапшылық 538 мыңнан 386 мың гектарға дейін азайды.