×

Ресей аумағынан бір түнде украиналық 28 дрон жойылған

Украина Қарулы күштері Ресеймен шекаралас аумақтарды тұрақты түрде атқылап тұрады

 Еркеғали Болатұлы 18.10.2023 | 12:35
фото: newseek.org

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері түнде Белгород және Курск облыстары мен Қара теңіз акваториясында украиналық 28 пилотсыз ұшатын аппаратты тежеді, деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Бүгін түнде Киев режимінің ұшақ үлгісіндегі пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, Ресей Федерациясының аумағындағы нысандарға террористік шабуыл жасау әрекеті тоқтатылды. Белгород, Курск облыстары және Қара теңіз акваториясында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің кезекшілік құралдарымен Украинаның 28 пилотсыз ұшатын аппараты тежелді және жойылды, - деп хабарлады ведомство.

Айта кетсек, Украина Қарулы күштері Ресеймен шекаралас аумақтарды тұрақты түрде атқылап, пилотсыз ұшақтармен соққы беріп, диверсия жасайды. Курск және Белгород облыстарында «террористік қауіптіліктің» жоғары, сары деңгейі енгізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама