Мөлдір есімді бойжеткеннің айтуынша, марқұм апта бойы жұмыстан бас көтермеген
Астанадағы концертте көз жұмған Шахназ Жылқайдардың досы оның өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады КТК арнасы.
Айта кетейік, «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Біраз уақыттан кейін топ мүшелері сахнаға шығып, мобилографтың қайтыс болғанын хабарлады.
Мөлдір есімді бойжеткеннің айтуынша, марқұм апта бойы жұмыстан бас көтермеген. Тіпті қайтыс боларының алдында екі тәулік бойы көз ілмеген. Дәрігерлер мобилографтың өліміне жедел геморрагиялық панкреонекроз дерті себеп болды деген болжамын айтты. Ал сараптама нәтижесі екі аптадан кейін белгілі болады.
Сағат 20:23-те шақыртылған жедел жәрдем концерт өтіп жатқан жерге араға 10 минут салып жеткен. Ал марқұмның мәйіті бірден сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Өлімнің себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз. Әлеуметтік желіде бұған қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер айтылып жатыр. Соның бірі – энергетикалық сусынды көп мөлшерде тұтынған болуы мүмкін деген болжам. Алайда марқұм Шахназдың Мөлдір есімді құрбысы мұны жоққа шығарды. Сұхбат беруден бас тартқан бойжеткен марқұм көзі тірісінде энергетикалық сусынға түбегейлі қарсы болғанын айтып, өлімнің себебі бұл емес деп жауап қайтарған.
14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін сот сараптама институтына жіберілді. Өлімнің алдын ала себебі ол жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебін біз тек қана таксикологиялық зерттеу нәтижелерінен кейін білетін боламыз. Зерттеу жұмыстары екі апта көлемінде жүргізіледі, - дейді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Наргиз Шотпай.
Қайғылы жағдайдың мән-жайын қалалық полиция департаменті де анықтап жатыр.