«3 градус үсік»: 18 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Фото: elements.envato.com

«Қазгидромет» РМК  ел аумағында 18 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

«Еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады, соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Тек еліміздің солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі», - дедінген хабарламада.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.