«3 градус үсік»: 18 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 18 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
«Еліміздің басым бөлігінің ауа райын әлі де кең ауқымды антициклон анықтайтын болады, соған байланысты ашық, көбінесе жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Тек еліміздің солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі», - дедінген хабарламада.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.