«Мен оны оңайшылықпен нокаутқа түсіре аламын»: Жәнібек Әлімханұлы әйгілі «Канелоға» үндеу жасады
Отандасымыз оны ақпан айында жұдырықтасуға шақырды
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (60-2-2, 39 КО) қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты. Отандасымыз оны ақпан айында жұдырықтасуға шақырды.
Жәнібек Әлімханұлы әйгілі «Канелоға» Instagram-дағы парақшасында үндеу жасады.
«Менің дайын екенімді білесіздер. «Канело» дайын болса, мен онымен ақпан айында жұдырықтасуға дайынмын. Маған төрт белбеу керек. Мен оны оңайшылықпен нокаутқа түсіре аламын. Бокстан хабарыңыз болса, сіздер бәрін білесіздер», - деп жазды қазақстандық боксшы.
Айта кетейік, 15 қазан күні Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.