ҚТЖ әлемдегі ең ірі теміржол техникасын өндірушімен келісім жасады
Компаниялар 2003 жылдан бері ынтымақтасып келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қытайлық «CRRC Corporation Limited» корпорациясымен Ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Құжат 200 маневрлік және магистральдық локомотив сатып алуды, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтарын ұйымдастыруды және инжинирингтік орталық құруды көздейді.
Компаниялар 2003 жылдан бері ынтымақтасып келеді. 20 жыл ішінде CRRC ҚТЖ үшін 6 мыңнан астам жүк вагоны мен 300-ге жуық жолаушылар вагондары және локомотивтер жеткізді.
«CRRC Corporation Limited» – теміржол және қалалық рельстік көліктер үшін жылжымалы құрамның әлемдегі ең ірі әзірлеушісі және өндірушісі.