Тестті барлығы 700-ден аса адам тапсырады деп жоспарланып отыр
Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілінен тест тапсырып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл 16-20 қазанда Ұлттық тестілеу орталығы қаладағы Инновациялық еуразия университетінде «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу өткізеді.
Мақсат – қазақ тілі бойынша тілдік білімді бағалау. Өңірде тестті барлығы 700-ден аса адам тапсырады деп жоспарланып отыр, - деп жазылған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы таратқан хабарламада.
Қазақ тілінен тестті облыстағы мемлекеттік қызметкерлер, әскери құрылымдар мен ұйымдардың қызметкерлері, барлық санаттағы адам тапсырады.
Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары қазақша үйреніп жүргенін айтқан еді.