Теннисші 4,6 млн АҚШ долларын алған
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы туралы мәлімет жариялады.
Елена Рыбакина биыл 4,6 млн доллар (шамамен 2 млрд 200 млн теңге) табыс тапты, – деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
Сонымен бірге хабарламада табысы ең жоғары 10 теннисшінің тізімі жарияланды. Бұл тізімде бірінші орында Беларусь өкілі Арина Сабаленко келеді. Ол биыл 7,3 млн доллар тапты.
Одан кейінгі орынға мына теннисшілер орналасқан: