Астанада биіктен құлап кеткен тағы бір альпинист қайтыс болды
Тағы бір жарақат алған альпинист сол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр
Халық үні
16.10.2023 | 19:54
Астанада «Алтын бесік» тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жатқан кезде биіктіктен құлаған төрт альпинистің үшіншісі қайтыс болды.
12 қазанда 1999 жылы туған жігіт көптеген ішкі жарақатымен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылып, оған барлық қажетті көмек көрсетілген болатын.
Тағы бір жарақат алған альпинист сол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы да аса ауыр деп бағаланып отыр.