×

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 25 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

Оқу жылының басынан бері елімізде 39 жаңа мектеп ашылды

 Динара Амантай 16.10.2023 | 16:25
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда 2023-2024 оқу жылының басында білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 24 мың 566 орындық 13 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, білім беру нысандарының 6-уы Алматы облысында, 3-еуі Астана қаласында, 2е-уі Қызылорда облысында және бір-бірден Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында салынып жатыр.

Қызметін сыбайлас жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жүргізетін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры үш ауысымды, апатты мектептерді, оқушы орны тапшылығын жою мақсатында құрылды. Іріктеу 11 басымдық бойынша жүргізіледі. Ең алдымен, бұрын басталған мектептердің құрылысын аяқтауға басымдық беріледі. Бүгінде қор 76 мың 738 орындық 62 мектептің құрылысын қаржыландырды. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың есеп-шотына аударылды, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Айта кетсек, мемлекет жыл сайын мектептерді салу мен жаңғыртуға қаржы бөліп келеді. Оқу жылының басынан бері елімізде 55 мың орындық 39 жаңа мектеп ашылды. 2023-2024 оқу жылында барлығы 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешеді.

Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды, оның аясында 740 мың орындық 369 мектеп салу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама