×

Экс-министр халықтан Назарбаевты кешіруді сұрады (ВИДЕО)

Ол Назарбаевты қорлау, егемендікті қорлағанмен бірдей дейді

Белгілі экономист, бұрынғы Экономика және сауда, Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұқбатында ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы өз пікірін білдірді.

«Елбасы да пенде, ол да әке. Ол да ата. Немере, шөбере сүйіп отыр. Отбасының айналасындағыларға қатысты қоғамда айтылып жатқан пікірлерге о кісі алаңдамайды екен, қынжылмайды екен деп айту өте қиын. Ол да ет пен сүйектен жаралған адам ғой. Меніңше, о кісіні дәл қазір табалаудың қажеті жоқ», - деп пікір білдірді ол. 

Экс-министрдің ойынша, Назарбаевты кешіріп, отбасы мүшелері мен жақындарына қатысты күдік, қылмыстық тексеру әділ жүру керек.

«Қолымыздан келетін болса, егемендік үшін, келешек ұрпақ үшін о кісінің жақсы атын сақтап қалған дұрыс. Елбасы мен оның айналасында жүрген адамдардың озбырлығын немесе қылмысын бөліп қараған жөн деп ойлаймын. Президенттің ұстап отырған саясаты да сондай. Мемлекет үшін, болашақ ұрпақтар үшін, егемендіктің туын берік қылу үшін Назарбаевтың атқарған рөлі өте жоғары. О кісіні қазір қорлайтын болсақ, ол – егемендікті қорлағанмен бірдей нәрсе. Сондықтан бұл тұрғыда мен халықтың елбасыға кешірімді болғанын қалар едім. Ал отбасының жақын мүшелері мен отбасыға жақын азаматтар, сол кісінің жанында жүріп көп пайдасын көрген азаматтарды кешіру-кешірмеу жасаған іс-әрекеттеріне, қылмысына байланысты», - деді Құлекеев. 

Еске сала кетсек, жақында Президент Тоқаев оны қабылдап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы ұсыныстарын тыңдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47