×

Елордада кран тросы үзіліп, құрылысшы қаза тапты

Жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылады

фото: zakon.kz

Нұр-Сұлтанда құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшы қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«15 мамыр сағат 03:34 шамасында Есіл ауданы Тұран даңғылы, 50 мекенжайында «Тұран 1» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісі аумағында қайғылы жағдай болды. Құрылыс салушы - «EMPAIRE» ЖШС. Оқыс оқиға құрылыс-монтаждау жұмысы барысында жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнара кранының кабелінің үзілуі металл ілгектің құлауына әкеліп соққан», - делінген хабарламада.

Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан.

«Нұр-Cұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің елорда бойынша департаментінің қызметкері аварияның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысын басқарады. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20