Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 6 мың адам жауапқа тартылды
Дағдарыс орталықтарында жәбірленушілер әлеуметтік-құқықтық көмек ала алады
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 6 мың адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарына (ҚР ҚК-нің 106-107-баптары) ауыр және ауырлығы орташа денсаулыққа зиян келтірумен байланысты «материалдық және басқалай тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген біліктілік белгісі енгізілген.
1 шілдеден бастап ӘҚБтК-ге түзетулер заңды күшіне енді.
Оның ішінде:
- 1) өтініш берушіден тұрмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әрбір сигнал бойынша ден қою шаралары қабылданады;
- 2) тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады;
- 3) тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.
Нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 27 мың өтініштің тек 8%-ы нарядқа есептен шығарылды. 1 шілдеге дейін олардың мөлшері 60% болды.
Енді оларға қатысты іс әкімшлік өндіріс фактісі бойынша қозғалады, бұл тұрмыстық жанжалдар туралы өтініштердің 92%-ын қамтиды.
Материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамдарға дене жарақаты фактілері бойынша 49 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот шешімі бойынша 6 мың құқық бұзушы қамауға алынды. Сотта 13 мың отбасы татуласты.
Полиция жұмысының сервистік моделіне көшу аясында қауіпті отбасылық агрессорларды анықтау және әлеуметтендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға жеке тұлғаны психологиялық түзету бойынша тренингтерден өз еркімен өту ұсынылады.
Бұл ретте 5 мың отбасы зерттеліп, 200 «агрессор» анықталды, оның ішінде тек 70-і психологиялық көмекке жүгінді.
Айта кету керек, агрессор психологиялық курстан өткен отбасыларда тұрмыстық жанжалдар қайталанған жоқ.
Дағдарыс орталықтарында жәбірленушілер әлеуметтік-құқықтық көмек ала алады. Мысал ретінде Қарағандыда отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы ашылғанын атап өту қажет.
Бір терезе қағидаты бойынша зорлық-зомбылық құрбаны полициядан, қамқоршылықтан, медиатордан, заңгерден, психологтан, сот орындаушысынан, теологтан және еріктіден көмек ала алады.
Сонымен бірге келесі заңнамалық өзгерістер ұсынылады:
- Қоғамдық жұмыстарды енгізу;
- Психокоррекциялық тренингтерден міндетті түрде өту;
- Агрессорды үйден шығару;
- Алкогольді тұтынуға тыйым салуды және т.б. қорғау ұйғарымымен қарастыру.
Нәтижесінде тұрмыстық қылмыстардың (2,5%-ға, 668-ден 651-ге дейін), оның ішінде кісі өлтірудің (4%-ға, 76-дан 73-ке дейін) және ауыр қылмыстардың (10%-ға, 264-тен 239-ға дейін) төмендеу үрдісі байқалады.