Сапар аясында ірі компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр
17-18 қазанда Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.
Сосын сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.