Halyq Uni логотип
×

«Түркістан облысында дәрігерді пышақтап кетті»: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды

 Халық үні 15.10.2023 | 22:50
«Түркістан облысында дәрігерді пышақтап кетті»: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жекеменшік емханалардың бірінде ер адам дәрігерді ауыр жарақаттады, деп хабарлады Otyrar басылымы. 

Куәгерлердің айтуыншыа, күдікті кезек күтіп отырғанда ашуға булығып, рентгенолог-дәрігерді пышақтап тастаған. Әріптестері дәрігерді жедел ауруханаға жеткізген. Мамандар пышақ жүрек маңына тигенін айтады.

«Кеуде қуысына келген жарақат кісі өліміне себеп болуы мүмкін, себебі кез келген органды, тамырды зақымдауы ықтимал. Жарақат жүрек тұсында болған, сондықтан ота жасай алдық. Қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Абдулхамид Әбдікуширов. 

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Ал жарақат алған дәрігер есін жиды. 

«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтір» бабымен іс қозғалды. Полиция 27 жастағы ер адамды ұстады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – дейді Түркістан облысы тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Сейдалиев. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама