Halyq Uni логотип
×

«Қыздар үшін абыройым төгілді»: Жаманқұлов Мұхамедиұлына не үшін арыз жазғанын түсіндірді

Ол бұған дейін құжаттарды жария ету мүмкін болмады дейді

«Қыздар үшін абыройым төгілді»: Жаманқұлов Мұхамедиұлына не үшін арыз жазғанын түсіндірді
фото: ашық дереккөзден

Белгілі актер, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, қазіргі ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен арыз жазғанын мәлімдеді.

«Біздің арамызда қандай дау болғанын білесіздер. Ол туралы бүкіл Қазақстан біледі. Студент қыздарды қорғағаным үшін менің абыройымды төгіп, маған өтірік жала жапты. Оның доғаруын талап еткен кезде, ол тоқтаған жоқ. Иә, арызды жазған мен. Мен мұны жасырмаймын. Ол жанына адамдарды топтастырып алып, оп-оңай сатып кетеді. Осылай жазық көрген жандар маған құжаттарды әкеліп берді. Нақты дәлелдерім бар. Бұл құжаттар менде, мен оларды жинадым да арыз жаздым. Бұл құжаттарды әкелген адамдар менің қалай ауызым күйіп, қандай қорлық көргенімді біледі. Алайда өздері мұны ашық айтуға қорқады», – деді Жаманқұлов Nege.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында. 

Актердің сөзінше, бұған дейін құжаттарды жария ету мүмкін болмаған.

«Ол ешкім тиісе алмайтын адам еді. Сол кезде айттың не, айтпадың не, бәрі бекер еді. Талай рет айттық. Сот арқылы да біздің жазығымыз жоқ екенін дәлелдегенбіз. Бірақ ол ана кісінің қамқорлығында болғаннан кейін бәрі қорықты. Әділетсіз үкім шығарды, әділетсіз тергеу жасады. Енді қазір дүние өзгерді», – деп қосты ол.

Еске салайық, Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. «Қазақстанның ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаржысын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама