Қарағанды облысында 2 адам қайғылы жағдайда қаза тапты
Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тасжолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусы соғысқан.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекссің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.