Жарысқа жалпы құрамында 112 спортшысы бар 16 команда қатысты
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Беларусь елінде өткен қоян-қолтық ұрыстың 11-ашық чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Арнайы операциялар күштерінің армиялық қоян-қолтық ұрысынан болған жарыста қазақстандық жауынгерлер жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.
Жарысқа жалпы құрамында 112 спортшысы бар 16 команда қатысты. Әскери қызметшілері арасындағы жекпе-жектер 7 салмақ дәрежесінде өтті, - деп мәлімдеді ведомство.
Чемпионатта қазақстандық спортшылар – сержант Айдын Нұридинов, кіші сержант Олжас Ержан және капитан Вадим Федосеев өз салмағында жеңіске жетті. Лейтенант Арман Ерменбет 2-орын алды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға шықты.