×

Беларусьте өткен чемпионатта Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы 1-орын иеленді

Жарысқа жалпы құрамында 112 спортшысы бар 16 команда қатысты

 Еркеғали Болатұлы 15.10.2023 | 17:35
фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Беларусь елінде өткен қоян-қолтық ұрыстың 11-ашық чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Арнайы операциялар күштерінің армиялық қоян-қолтық ұрысынан болған жарыста қазақстандық жауынгерлер жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.

Жарысқа жалпы құрамында 112 спортшысы бар 16 команда қатысты. Әскери қызметшілері арасындағы жекпе-жектер 7 салмақ дәрежесінде өтті, - деп мәлімдеді ведомство.

Чемпионатта қазақстандық спортшылар – сержант Айдын Нұридинов, кіші сержант Олжас Ержан және капитан Вадим Федосеев өз салмағында жеңіске жетті. Лейтенант Арман Ерменбет 2-орын алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама