Ол бұған дейін де істі болған
Журналист Михаил Козачков елімізде этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адамның қамауға алынғанын мәлімдеді.
Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») бабымен іс қозғалған.
Танысып қойыңыздар, Мукин Мейірбек Құдайбергенұлы, 1991 жылы дүниеге келген. Павлодар облысының тумасы. Жақында ол интернетте орыстарды өлтіруге шақырған. 14 қазанда Қарағандыда полиция қызметкерлері тұтқындап, изоляторға қамалды, – деп жазды Козачков.
Оның аутуынша, Мейірбек Мукин бұған дейін де істі болған.