Halyq Uni логотип
×

Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіне бара жатқан көшті бомбалады

Қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар

 Дастан Жұмабекұлы 15.10.2023 | 12:25
Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіне бара жатқан көшті бомбалады
Фото: gazeta.ru

Израиль әскері (ЦАХАЛ) Газа секторындағы ХАМАС инфрақұрылымдарын жою бойынша құрлық операцияларын бастады.

Осы операция басталар алдында ЦАХАЛ Газа секторының оңтүстігіне көшу үшін жергілікті халыққа 6 сағат уақыт берген болатын. Операция басталған күні Израиль Газа секторында соққы жасап, автобус пен басқа да көлікке мінген халықты бомбалады. Соның салдарынан 70 адам қаза тауып, 200-і жараланған. Қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар. ХАМАС жауап ретінде Тель-Авивке соққы жасайтынын мәлімдеді.

Израиль қарапайым халықты соққының астына алғаннан кейін әлемнің жер-жерінде Палестинаны қолдау акциялары күшейді. Қазір Еуропа, АҚШ, Азия елдерінде халық жаппай көшеге шығып, Израильдің Газа секторын бомбалауына қарсылық көрсетіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама