Алдағы жексенбі – орманшылардың кәсіби мерекесі
130 мың гектарға жуық алқапты алып жатқан «Бурабай» ұлттық саябағында орманшылар әр жыл сайын орта есеппен 65 гектар аумаққа ағаш отырғызады. Кейінгі 2 жылда 1 млн түптен астам қайың мен қарағай көшеті егілді. Бұл туралы Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев telegram-арнасына жазды.
Оның айутынша, Ұлттық парк қызметкерлері бірнеше жылдан бері Smart Burabay жаңашыл жүйесін пайдаланып, орман өртін дер кезінде ауыздықтауды меңгерген. Аң-құстың санағын жүргізу және көбеюіне жағдай жасау, қоршаған ортаға қауіп төндірген қаскөйлерді құрықтау сынды қат-қабат жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған.
Айта кетейік, қазан айының үшінші жексенбісінде елімізде Орман шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі.