Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз! – деді президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен болған жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.
Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз! – деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасына.
Бұл жолы боксшылардың жекпе-жегі аса тартысты болды. Жәнібек Әлімханұлы 6-раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осы жеңістен кейін Жәнібек Әлімханұлы екі белбеуді иеленді. Осылайша, ол кәсіпқой бокста 15-ші жеңіске жетіп отыр. Ал оның қарсыласы 21 жеңістен кейін алғаш рет жеңілді.