Қызылорда облысының орталығында өрт шығу қаупі сақталады
Синоптиктер жексенбі, 15 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК ресми сайтында.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында құбылмалы ауа райы сақталады. Осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел күтіледі.
Ал еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.
Сондай-ақ Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Бұдан бөлек, Қызылорда облысының орталығында өрт шығу қаупі сақталады.