Екі адам жарақат алды
Түркістан облысы Зайсан ауданындағы қоғамдық моншада жылыту қазандығы жарылып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент мәліметінше, оқиға 14 қазанда Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесінде болған.
Бірқабатты қоғамдық моншада қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылды.
Соның салдарынан бір адам қаза болып, екі адам жарақат алды.
Жедел жәрдем қызметкерлері 1984 және 1991 жылы туған ер адамдарды медициналық мекемеге жеткізді. Қазандық жарылған кезде монша ішінде келушілер болмаған. ТЖД қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты тазалауда, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта Зайсан қаласына облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев жолға шықты.