×

Нұрлан Ноғаев жаңаөзендіктерге жаңа мамандықтарды меңгеруге кеңес берді

Кездесу 6 сағатқа созылды

 Дәурен Ерболат 14.10.2023 | 16:00
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен халқымен кездесіп, оларға мұнайдан басқа салалардан жұмыс қарастыруға кеңес берді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында қаладағы тұрғын үйлердің тозып жатқаны, су тапшылығы мәселесі бары айтылды.

Соңғы проблеманы шешу үшін 2025 жылға дейін қуаты тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұщытатын зауыт салынады деп жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Жаңаөзен халқымен кездесу 6 сағатқа созылды. Онда тұрғындар облыс әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Кейбірі үй алуға жәрдемдесуді, сондай-ақ мұнай-газ саласына жұмысқа тұрғызуды сұрады.

Нұрлан Ноғаев жұмысқа орналастыру мәселесі күрделі екенін атап өтті.

Мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуға тоқталайын. Жұмысқа кезексіз орналастырудың мүмкін емесін бірнеше рет айттым. Біз әрқашан ашық диалог құруға дайынбыз. Алайда осы тұста тек мұнай өнеркәсібінде ғана емес, басқа салаларда да қызмет атқару мүмкіндігін қарастыру керек, - деді облыс әкімі.

Оның пікірінше, жергілікті халық жаңа мамандықтарды меңгеруге тиіс.

Мәселен тұрғындар дәрігер тапшылығы туралы айтады. Мәселені шешу үшін мемлекет көп грант бөліп, тегін білім беріп жатыр. Сондай-ақ бизнеспен айналысамын дейтін жандарға мемлекеттік қолдау шараларына кепілдік береміз. Болашақта жасыл энергетика, ауыл шаруашылығын дамыту және басқада көптеген жаңа салада мүмкіндіктер өте көп, - деді Нұрлан Ноғаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама