Сөз Тоқаевқа берілгенде ол Ауғанстаннан келуі мүмкін қауіпке назар аударуды ұсынды
Мәскеу қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтіп жатқан ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясында Беларусь президенті Александр Лукашенко ұйымға мүше елдерді Ресейдің айналасына топтасуға шақырды.
Ол бұрынғы Кеңес одағынан шыққан республикалардың ынтымақтастығының маңызды екенін атап өтті.
Қазір ынтымақтастық маңызды. Қаңтарда ҰҚШҰ мемлекеттері ынтымақтастық танытты. Ресей НАТО-ның үлкеюіне қарсы жалғыз өзі күреспеуі керек. Қазір ҰҚШҰ-ға мүше елдер бірікпесе, ертеңінен айырылуы мүмкін, - деді ол.
Сөз Тоқаевқа берілгенде ол тақырыпты ауыстырып, Ауғанстаннан келуі мүмкін қауіпке назар аударуды ұсынды.
Мерейтойлық жиынға Қазақстан басшысынан басқа, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ресей президенті Владимир Путин мен ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Станислав Зась қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуге қатысқандарға ілтипат білдіріп, мерейтойлық сессияны ұйымдастырғаны үшін Ресей тарапына және Владимир Путинге жеке ризашылығын білдірді.