Арқалықтың түрмесінен 6 қылмыскер қашқан - ведомство мәлімдеме жасады
Тараған ақпаратқа сәйкес, тұтқындардың алтауы да қаруланған
Қостанай облысының тұрғындары WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы хабарлама таратып жатыр, деп хабарлайды өңірдің Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
Олардың айтуынша, қаруланған 6 тұтқын Арқалықтағы мекемеден қашып кеткен.
Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде тараған Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Еске салайық, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.