Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
«Қазгидромет» РМК қазанның 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын болса, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ған жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша екпінді жел тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта жел күшейіп, күші секундына 30 метрге жетеді, кейде оданжоғары болады.
Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.