Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Редакцияға оқырмандар алдыңғы аптада Алматыдағы емхананың темекі шегетін бөлмесінде әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, оны 8-10 рет пышақтағанын хабарлаған. Оқырмандардың айтуынша, қылмыскерді сол маңдағы бизнес орталықтың жүргізушісі ұстаған.
Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Алматы полиция департаментінің тергеу бөлімі бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы («Қылмысқа дайындалу және оқталу) және Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеп жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.