Сотталған ұлының мерзімін қысқартпақ болған әйел алаяққа алданды
Жедел іс-шаралар барысында полиция бөліміне 36 жастағы ақтөбелік жеткізілді
Ақтөбелік тұрғын сотталған ұлының мерзімін қысқартпақ болып, алаяққа алданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 53 жастағы әйел полицияға алаяқтық фактісі бойынша арызданған. Оның айтуынша, 2022 жылдың ақпанында достарының танысы Орал қаласында жазасын өтеп жатқан ұлының мерзімін қысқартуға көмектесетінін айтып, 6 миллион теңге көлемінде ақшасын иемденген. Жәбірленушінің ұлының есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін 10 жылға сотталғаны анықталды.
Жедел іс-шаралар барысында полиция бөліміне 36 жастағы ақтөбелік жеткізілді. Ол – Ақтөбе қаласының мемлекеттік органдарға ешқандай қатысы жоқ, жұмыссыз тұрғыны. Ұсталған адамның айтуынша, ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.