Halyq Uni логотип
×

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды

Күдіктілер кінәсін мойындады

 Динара Амантай 13.10.2023 | 10:57
Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды
Фото: видеодан скриншот

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен кісі өлтіруші анықталған. Қылмысқа тапсырыс беруші жұмсалған мүлік үшін жауапкершілікті алғысы келмей, одан жалтармақ болған. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер Астана – Көкшетау тас жолында ұсталды.

Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 оқ-дәрі табылды. Сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді, - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Күдіктілер кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама