Атырауда жеке компанияға 900 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Динара Амантай

Сот қаулысы заңды күшіне енді

Фото: Halyq Uni

Атырауда экология саласындағы бұзушылықтар үшін жеке компанияға 900 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Жылыой Болашақ» ЖШС-ның рұқсат құжаттарынсыз мұнай қалдықтарын жинақтау бойынша қызметті іске асырғанын анықтады.

Мәселен, 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай қалдығы жинақталған. Осы факті бойынша «Жылыой Болашақ» ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді, – делінген прокуратура хабарламасында.