Алматы мен тағы он өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі
13 қазанда Алматыда және тағы 10 өңірде дауылды ескерту жасалды.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. 13 қазанда тәулік бойы жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда 13 қазанда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде оңтустік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік жартысында тұман күтіледі.