Көкшетауда ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін заңсыз бермек болған жерінен ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Көкшетауда полицейлер жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісінің алдын алды, деп хабарлайды polisia.kz.
Облыстық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Көкшетау ХҚКО қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар жүргізді. Осылайша, емтиханнан нақты өтпей, 100 мың теңге ақшалай сыйақыға жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісі анықталды.
Қыркүйек айында Назарбаев даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында делдал ақша аударып жатқан жерінде полицейлер қазір қатысы бар-жоғы анықталып жатқан адамды ұстады. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан 440 мың теңге тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.