Мемлекет басшысының тиісті өкімі шықты
Антикор төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.