Halyq Uni логотип
×

Президент Үкіметке 5G желісін енгізу жұмысын мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды

Мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс

 Динара Амантай 12.10.2023 | 11:44
Президент Үкіметке 5G желісін енгізу жұмысын мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысының айтуынша, 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс. Бұдан бөлек, бұл мақсатқа жету үшін төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды. Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы керек, – деді президент.

Бұл ретте мемлекет басшысы қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуге болатынына назар аударды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама