Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында кәсіпкерлерден 7 млн теңге салық негізсіз өндірілген

Прокуратура 200-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғады

 Динара Амантай 12.10.2023 | 09:45
Ақмола облысында кәсіпкерлерден 7 млн теңге салық негізсіз өндірілген
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының табиғатты қорғау прокуратурасы қоршаған ортаға эмиссия үшін салықтың жоғарылатылған сомасын өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осылайша, салық 2020 жылғы 8 сәуірде нақтыланған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша есептелген, алайда 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша қолданылуы тиіс болған. Нәтижесінде, қолданылатын АЕК мәндері арасындағы айырмашылық 127 теңгені немесе 2 мың 651 теңгеден 2 мың 778 теңгені құраған.

Салық төлеушілердің бюджетке төленетін міндетті төлем мөлшерін дұрыс есептеу міндеттеріне қарамастан, олар прокурордың араласуына дейін бұзушылықтарды жою бойынша шараларды өз бетінше қабылдамаған, – делінгенген прокуратура хабарламасында.

Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсыну бойынша 182 кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға 7,2 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды, ал салықтарды есептеудің негізсіз тәжірибесі жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама