Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК қазанның 12-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз. Республика бойынша екпінді жел тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.