Рено ресейлік көлікке орын берді
Мәскеу мэрі Сергей Собянин Renault зауытын қала балансына алу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің ресми сайтында жариялады..
Қала басшысы Мәскеу меншігіне өткен компания «Москвич» брендімен автокөліктерді шығаруды қайта бастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Алдағы жоспарларында компания электромобильдер шығаратынын айтты.
Компанияның шетелдік иесі Мәскеудегі Renault зауытын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл – оның құқығы, бірақ біз мыңдаған жұмысшының жұмыссыз қалуына жол бере алмаймыз. Сондықтан мен зауытты қала балансына алып, тарихи «Москвич» брендімен жеңіл көліктер шығаруды қайта қолға алуды жөн көрдім, — деді Собянин.
Оның айтуынша, қайта жанданған «Москвич» Мәскеу автомобиль зауытының негізгі технологиялық серіктесі КамАЗ болады.
«Бірінші кезеңде ішкі жану қозғалтқышы бар классикалық автокөліктер, ал болашақта электромобильдер шығару жолға қойылады», - деді ол.
Аталмыш зауыттың ұзақ жылғы тарихы бар. Жүз жылдай бұрын ол Ford автомобильдерін шығарудан бастады. Мұнда ондаған жылдар бойы «Москвичтер» шығарылып отырды. 1998 жылдан бастап зауыт Renault-пен ынтымақтасып, зауыт Логанс, Дустерс және Сандерос көліктерін шығарды.