×

Маңғыстау облысында қылмыстық топтан 100 келіден аса марихуана тәркіленді

Аймақтық есірткі арнасының жолы кесілді

 Динара Амантай 11.10.2023 | 16:25
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Шекара қызметі және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының көмегімен аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өткізілген операцияның нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі тасымалдады, сатты деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматы ұсталған.

Тінту барысында 100 келіден аса «марихуана» есірткі заты тәркіленді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама