×

Есік қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алған

Күдікті кінәсін толығымен мойындады

 Динара Амантай 11.10.2023 | 15:11
Фото: СЖҚА Алматы обл. департаменті

Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Алматы облысы Есік қаласының әкімі қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті кінәні толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген Антикор хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама