Израильге қосымша ұшақ жіберу жоспарда жоқ – министр

Дәурен Ерболат

Ұшып келген отандастарымыздың 16-сы – Израильде оқып жатқан студенттер

фото: facebook.com

Бүгінде Израильге қосымша ұшақ жіберу жоспарланбаған. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қосымша рейс жіберу қарастырылмайды. Кеше Тель-Авив – Ақтау – Алматы бағыты бойынша рейс іске асырылды. Онда барлығы 166 жолаушы болды. Бортқа жалпы 180 адамды отырғызуға болады. Оралғысы келетін барлық азамат Қазақстанға жеткізілді. 166 жолаушының 42-сі шетелдіктер болды, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Кеше Тель-Авивтен (Израиль астанасы) Алматыға эвакуациялық рейспен ұшып келген 166 жолаушының 124-і өз отандастарымыз десек, оның ішінде Израильде оқып жатқан 16 қазақстандық студент те бар.

Айта кетейік, Израиль мемлекеті мен ХАМАС қозғалысы арасындағы жағдай ушығып, салдарынан қос тарап арасында қарулы қақтығыс басталған еді.